Қыркүйектің 29-ы мен қазанның 1-і аралығында Астана қаласында мерейтойлық X KAZENERGY Еуразиялық форумы аясында VIII KAZENERGY Жастар форумы өтеді.

3 сентября 2015 - Администратор

 Қыркүйектің 29-ы мен қазанның 1-і аралығында Астана қаласында мерейтойлық X KAZENERGY Еуразиялық форумы аяында VIII KAZENERGY Жастар форумы өтеді.

Жастар Форумы шеңберінде мұнай-газ және энергетика секторының ұзақ мерзімді мақсаттары мен міндеттері, саладағы инновациялар мен энергия тиімділігі, инновациялық құрамдас мұнай-газ индустриясындағы жастардың үлесі, халықаралық ынтымақтастық, шикізатты өңдеу тиімділігін арттыру, экологиялық нормативтер талқыланады.

 Осы жылы алғаш рет Жастар форумының ашылуы кезінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Б. Сәрінжіповтың және Қазақстан Республикасы Энергетика министрі В.С. Школьниктің қатысуымен «Инновациялар: ғылым болашақты құру өнері» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді (бұдан әрі -- Конференция)

Конкурспен қатар KAZENERGY жоғары оқу орындары студенттерінің инновациялық жобалар көрмесіне қатысуына мүмкіндік береді.Көрме қатысушылары өздерінің әзірлемелері мен жаңа технологияларын ұсына алады, ал өндірушілер жаңа таланттар мен жаңа инновациялық идеяларды табуға атсалысады.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий