Филологи
Руководство клуба:
Администратор
Администратор клуба
160 дней назад
Рейтинг: 1150 14 участников 14 января 2013 в 10:25
Блог клуба
Фотоальбомы
  • В клубе нет фотоальбомов

ЖАТАҚХАНА
Шалқасынан ашып тастап есікті,
үш-төртеуі дауға басса бөсіп бір,
кеше кештен қайтқан бірі көңілді
айна алдында үш тал мұртын есіп тұр.

Таңдайына тәтей салған құрт ұнап,
ақ көңіл дос күліп жатыр жыртыла.
Ауыл исін білдіреді бұрқырап,
ілінген тор терезенің сыртына.

Әдемі ғой – тым шулылау десең де,
сабақтан да кетпес мұнда есең көп:
кітап ашық жатады ылғи төсекте,
оқу дегенді ұмытуға кесел боп.

Жатақхана – тамаша жер:
сен де аса
сене алмассың көңілсіз деп алдаса.
Стипендия алған күндер, тек қана,
қаңырап бос қалатыны болмаса.

1967, 1982
Ж. Нәжімеденов
Қазақстанға белгілі, танымал ақын Қалқаман Сарин.
Сүйіпте тұрып, сүйікті болып,

Сетінеп жаным шерленіп.

Сүюді бақыт дейтіннің бәрі,

Әліде сүйіп көрмеген.



Адасып барып, таласып талып,

Сүрініп сосын ескірді.

Адамның нағыз баққытты шағы,

Сүймеген кезі ешкімді.



Жалынып барып, жұлынып жанып,

Жүрек көзінен жас тамад.

Махаббат оты тұтанған сәттен,

Бақытсыздықтар басталад.



Көрінбес көзге елесті қуып,

Көңілді сосын бір демдер.

Адманың бәрі сүйіскен сәттен

Бақытын іздеп жүргендер.



Санасы әбден ескінген деме,

Санама жасық, пысыққа

Баққыты болғың келсе егер достым,

Сүюге онда асықпа!



Адастым дей бер адамның бәрі,

Бақытқа сендей асыққан.

Бақыттымын деп айтпайды бірақ

Себебі олар ғашықтар!



Өзімде тұтқын шығалмай келем,

Жүректей жұқа бөлмеден

Сүюді бақыт дейтіннің бәрі,

Ешқашан сүйіп көрмеген...
Ак сойлеп, адал кулетiндермен
Шындыкты жактап журетiндермен
Сыйластык сырын билетiндермен
Таныскым келедi менiн.
Жаманга жагынбайтындармен,
Жоктыкка тарылмайтындармен,
Арманнан арылмайтындармен,
Табыскым келедi менiн.
Жанары молдiрегендермен,
Журегi елжiрегендермен,
Умiтке сендiре бiлгендермен,
Достаскым келедi менiн.
Мун-кайгы женбейтiндермен,
Осекке сенбейтiндермен,
Наданга ермейтиндермен,
Бас коскым келедi менiн.
Gulzhahan Abekenova, 6 февраля 2013:
(Бақыт деген не өзі? Мұқағали Мақатаев)

Бақыт деген не өзі?
"Бақыт деген не өзі" деп бастады топ таласты.
Біреуі оңы үйден іздеп, бірі қырдан әрі асты.
Бірі айтады: бақыт деген барлық байлық емес пе,
Керегінше киіп ішсең бақыттысың де емес пе?
Бірі айтады: жоқ, бақыт деген қолың жетпес маңсап қой,
Жұрттан көрі жүрсен ирек, соның өзі жақсы атты ғой.
Бірі айтады: бақыт деген, бақыт деген,
жүйрік мініп, той тойлау,
Ісің болмай күйбеменен,
қарын тойса қарт ойнау.
Бірі айтады: бақыт деген адал жар мен перзент қой,
Ынтымаққа ырыс келген ол да соған келмек қой.
Пікірлердің таласына солай мен жолықтым.
Бақыт адам басалына келмес оңай, соңы ұқтым.
Безбеймін мен баладан да, байлықтан да, жардан да,
Маңсап жетпес бар адамға үлістіріп алғанда,
Үміт үзбей зейтұлар, таңдап сол бір жақұтты,
Оңы алыстан іздемегін, жүректен тап - бақытты.
Бекболат Айдос, 5 февраля 2013:
Бақытты болам десең

Бір саудагердің үнемі «бақытсызбын» деп жүретін ұлы болған екен.
Бақыттың құпиясын білуге әкесі оны сол замандағы ең данышпан, ғұлама адамға жібереді. Ұлы жанып тұрған ыстықта шөл даламен қырық күн жүреді. Келе жатып сонау жерден әлгі данышпанның сарайын көреді.
Сарайда көп адам жүргенін байқайды. Бір жағында оркестр әдемі әуен ойнап тұр, келесі жағында қонақтар әңгімелесіп тұр. Олардың барлығы данышпанға сұрақтарын қою үшін кезекте тұрғандығын байқайды. Кезегі келгенде бозбала данышпаннан «Бақыт сыры неде?» — деп сұрайды.
-Данышпан болса оның бұл сұрағына жауап беретін уақытым жоқ, сарай сыртына шығып серуенде, екі сағаттан соң қайта орал дейді. Содан кейін данышпан оған қасық беріп, қасыққа екі тамшы су тамызады. Серуен кезінде осы екі тамшыны төгіп алмауға тырыс деп тапсырады. Ештеңеге түсінбеген жігіт сарайдың ішінде де, сыртында да әбден аралап қыдырады. Бірақ қасықтағы екі тамшы суды қадағалап, одан көзін алмай өте абай болады. Екі сағат өткен соң данышпанның алдына қайта келеді.
– Данышпан жігіттен «Менің сарайымды араладыңба?» — деп сұрайды.
-Жігіт, «Иә араладым, сарайыңыз өте үлкен екен» — деп жауап береді.
Сонда данышпан: «Сен жерге төселген керемет кілемдерді, қабырғадағы үлкен сағаттарды, менің бағбаным он жыл бойы күтіп баптаған сан алуан гүлдерді көрдің бе? Сөрелері кітаптан қайысып тұрған алып кітапханамды көре алдыңба?» – деп сұрайды.
-Сонда жігіт данышпан айтқан кереметтердің бір де бірін көрмегенін мойындайды. Ол, бар ынтасын қасықтағы екі тамшы суға аударып, басқа ештеңені байқамаған екен.
-Данышпан оған «Өзің назар аудармайынша, ғажаптан ләззат ала алмайсың» — деп, қайта шығып сарайдың кереметін тамашалауды бұйырады. Жігіт сарайды аралауға қайта шығыпты. Бірақ, бұл жолы ол бәрін бажайлап қарайды. Бақтағы хош иісті гүлдерден, сарай қабырғасына салынған өнер туындыларынан, үлкен әсер алады. Данышпанға келіп алған әсерін егжей-тегжейлі айта бастайды.
-Сол сәтте қария: «Мен қасыққа тамызған екі тамшы қайда?» — дейді. Жігіт қасығына қараса баяғыда төгіліп, қасығы құрғап қалған екен.
-Сонда қария: «Сен бақыт сырын, қасықтағы екі тамшыны ұмытып, бұл өмірдің шынайы сұлулығына тәнті болғанда ғана біле аласың!» — деген екен.
Gulzhahan Abekenova, 5 февраля 2013:
Салем достар! Филология клубын жандандырайык! БОЛАШАК БІЗДІН КОЛЫМЫЗДА))) іске сат,студенттер!!! smile