Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қоры

5 ноября 2015 - Администратор

 2015 жылдың 29 қазанында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті студенттері Мәдина Бағдат (5В070300-Ақпараттық жүйелер мамандығы, 4 курс), Малика Дустаева (5В010700-Бейнелеу өнері және сызу мамандығы, 4 курс), Айгерим Елемесова (5В060800-Экология мамандығы, 4 курс), Айбек Ержанов (5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы), Евгения Ким (5В030200-Халықаралық құқық мамандығы, 3 курс), Гүлнұр Төлеутай (5010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 4 курс) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қорының шәкіртақы иегерлері атанды және Алматы қаласында өткен салтанатты рәсімге қатысты.

Толығырақ:

«Kazinform» халықаралық ақпараттық агенттігінің хабарлауынша (сілтеме: http://www.inform.kz/rus/article/2833648), айтулы шәкіртақы студенттерді білімге тарту және талантты жастарды таныту мақсатында 2011 жылы тағайындалған болатын. Шәкіртақы иегерлері – жоғары академиялық нәтиже көрсеткен еліміздің әр аймағындағы алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының, оның ішінде өз жоғары оқу орнының қоғамдық іс-шараларына белсене араласып, грамоталар мен сертфикаттарға ие болған студенттер.

Осы жылы іріктеу конкурсына 300-ден астам өтініш келіп түсті, жыл сайын қор 80 шәкіртақы тағайындайды. Шәкірақы иегерлері ай сайын 20 000 теңге алып тұрады.

«Мемлекет басшысы білім – нағыз құндылық екенін үнемі атап айтады. Жас мамандардың білімі ілгерілеу мен жаңғыртудың басты қозғаушы күші болып табылады. ХХI ғасыр жастары, Қазақстанды бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосу -- басты міндет. Қордың негізгі мақсаттарының бірі – жастарға қолдау таныту, ол студент, жас маман немесе мәдениет пен өнер қайраткерлері болсын. Осы жылы біз қордың студенттік шәкірақысын алу үшін бесінші рет конкурс өткізіп отырмыз. Іріктеу барысында барлық қатысушылар білім және қоғамдық белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетті», - деді ҚР Тұңғыш Президенті Қоры атқарушы директорының орынбасары Сергей Тохтаров.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры 2000 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бекіткен коммерциялық емес ұйым болып табылады. Қор әлеуметтік, қайырымдылық, білім беру және басқа да қоғамдық-саяси жобаларды жүзеге асырады.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий