«Лайықты өмір» мүгедектерді оңалту орталығы (Қарағанды қ.), Әлеуметтік қызмет орталығы (Қарағанды қ.), Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Тракия университетімен

30 марта 2015 - Администратор

 2015 жылдың 30 наурызы сағат 15.00-де «Лайықты өмір» мүгедектерді оңалту орталығы (Қарағанды қ.), Әлеуметтік қызмет орталығы (Қарағанды қ.), Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Тракия университетімен (Стар Загор қ., Болгария Республикасы, университет өкілі доцент, ғылым докторы Генчо Васильев Вълчев) ынтымақтастықта «Мүгедектердің құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясын ратификациялау барысында Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беру» семинарын өткізді.

2015 жылдың 30 наурызы сағат 15.00-де «Лайықты өмір» мүгедектерді оңалту орталығы (Қарағанды қ.), Әлеуметтік қызмет орталығы (Қарағанды қ.), Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Тракия университетімен (Стар Загор қ., Болгария Республикасы, университет өкілі доцент, ғылым докторы Генчо Васильев Вълчев) ынтымақтастықта «Мүгедектердің құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясын ратификациялау барысында Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беру» семинарын өткізді.
Семинар қатысушылары – ҚарМУ оқытушылары мен Қарағанды қаласы білім беру мекемелерінің басшылары.
Қазіргі уақытта Қазақстанда инклюзивті білім беруге баса назар аударылады. Көп жылдан бері мүгедек балалар арнаулы оқу орындарына шеттетілді немесе үйден оқытылды. Балаларды арнаулы білім беру талаптары арқылы бөлектеу әлеуметтік оқшаулануды қалыптастырады және балалардың жүйкесіне зиян келтіреді, олардың әлеуметтік дамуына кері әсер етеді. Көмекші мектептерде оқшауланған балалар үлкен әлеуметтік мәселеге айналып, әлеуметтік көмекке тәуелді жұмыссыздардың қатарын арттырады немесе өз өмірлерін мүгедектер, қарттар үйінде өткізеді. Бұл үрдісті өзгерту үшін инклюзивті білім беруді инвестициялау қажет. Әлеуметтік-экономикалық аспектіде мұндай балаларды қоғамға біріктіру кедейшілікті, қылмыс пен жұмыссыздықты азайтуға және экономикалық өркендеуге ықпал етеді.
4 жыл көлемінде Қазақстан Болгария Республикасының түрлі білім беру және мәдени мекемелерімен ынтымақтастықта қызмет етіп келеді. 2012 жылдан бастап қазақстандық жоғары оқу орындарының «Әлеуметтік жұмыс» факультетінің студенттері мен оқытушылар, сонымен қатар әлеуметтік қорғау ұйымдарының жұмыскерлері үшін жазғы мектептер өткізіледі. Инклюзивті білім беру саласындағы Болгария Республикасының тәжірибесі біздің қызығушылығымызды тудырды, Болгария Республикасында жалпы білім беру және жоғары мектеп мекемелерінде мүгедек балалардың әлеуметтік және білім беруді біріктіруі бойынша стратегиялық және регламенттелген құжаттары құрастырылған. Болгар білім беру мекемелерінің тәжірибесі мен оқытуы Қазақстан Республикасында инклюзивті білім берудің әдістемелерінің жүзеге асырылуын және бейімделуін қалыптастырады.
Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ инклюзивті білім берудің теориясы мен тәжірибесін әзірлеуде және аталмыш аумақ бойынша мамандар даярлауда мол тәжірибеге ие. 1984 жылдан бастап университеттің педагогика факультеті дефектология кафедрасында дефектолог мамандарды даярлау жүзеге асырылады. Кафедрада инклюзивті білім беруді тиімді жүзеге асыру үшін көптеген ғылыми және білім беру мекемелерімен, соның ішінде Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-тәжірибелік түзету педагогикасы орталығымен, 55-тен астам білім беру ұйымдары мен қоғамдық бірлестіктерімен тығыз әріптестік байланыс орнатылған. «Дефектология» білім беру бағдарламасын құрайтын тәжірибелік инклюзивті қалыптастыру мақсатында облыстық білім беру мекемелерінде табысты түрде кафедраның 2 филиалы жұмыс жасайды. 
2013 жылдан бастап ҚарМУ-дың дефектология кафедрасында инклюзивті білім берудің сабағаттық-тәжірибелік орталығы жұмыс істейді. Мақсаты: аймақтарда инклюзивті білім беруді дамыту, ғылыми-әдістемелік қамсыздандыру, инклюзивті білім беру саясатын жүзеге асыратын мамандарды дайындау және қайта даярлау.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушылары Қазақстанда инклюзивті білім беру жүйесін дамыту және қолдауға бағытталған шараға белсене қатысады. Жақында университет білім беру, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдерінің қатысуымен 40-тан астам жобаны жүзеге асырды, түрлі деңгейдегі дөңгелек үстелдер, семинарлар, жиналыстар, жаттықтыру сабақтары, конференциялар. Дипломдық жұмыс және магистрлік жобалардың, пәндік олимпиадалардың шеңберінде инклюзивті білім беру тәжірибесінде инновациялық технологияларды енгізуге және өңдеуге бағытталған ғылыми зерттеулер өткізіледі. Университет оқытушыларының қатысуымен инклюзивті білім берудің ғылыми-тәжірибелік аспектілері көрініс тапқан 12-ден аса оқу және әдістемелік басылымдар дайындалды, инклюзивті білім беру сұрақтарын қамтыған ғылыми зерттеулердің нәтижесі бойынша 70-тен аса ғылыми публикация жарық көрді.
Семинар жұмысына инклюзивті білім беру бойынша қазақстандық және шетелдік сарапшылар, білім беру ұйымдарының, мемлекеттік ұйымдар мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері қатысты. Олар:
Каргин Серғали Төлеубекұлы – Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ оқу ісі жөніндегі проректоры;
Любарская Ирина Юрьевна – Әлеуметтік мәселелер жөніндегі Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары;
Оспанова Қадиша Базарбайқызы – «Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;
Вълчев Генчо Василев – оқытушы, доцент, Тракия Университеті (Стар Загор қ., Болгария Республикасы);
Ивкин Александр Михайлович – «Лайықты өмір» мүгедектерді оңалту орталығы ҚБ төрағасы; мүгедектер мәселелері бойынша Қарағанды облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, семинар модераторы.
Акенов Серік Шәкірұлы – «Қарағанды об
лысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысы;
Кравченко Татьяна Ивановна – «Лучик надежды» қоғамдық қайырымдылық қорының төрайымы, Қарағанды қалалық Мәслихаттың депутаты;
Дудченко Любовь Алексеевна – «Әлеуметтік қызмет орталығы» ҚБ төрайымы;
Те Светлана Евгеньевна – «Лайықты өмір» мүгедектерді оңалту орталығы ҚБ бас маманы;
Жаңағұлова Дана Ерғалиқызы – «Лайықты өмір» мүгедектерді оңалту орталығы ҚБ әлеуметтік жұмыс жөніндегі аға маман.

 

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий