Қоғамдық кеңестің «БІЗ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ!» атты акциясы өтті.

9 октября 2015 - Администратор

 2015 жылдың 7 қарашасында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде Қоғамдық кеңестің «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» атты акциясы өтті.

Акция университет басшылығының алғысөзімен ашылды.

Қатысушылардың назарына 2015-2025 жылдарға арналған Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының тұсаукесері ұсынылды.

Жиналғандардың алдында Қарағанды облыстық сотының судьясы Жақыпов Жұматай Кадетұлы «Құқықтық мәдениет – жемқорлықпен күрес» тақырыбы бойынша баяндама жасады.

«Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық филиалының партиялық бақылау инспекторы Ажбаев Марат Мерешұлы студенттерге 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік стратегияны таныстырды.

Қарағанды облысы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бөлім басшысы Смағұлов Дидар Нұркенұлы «Формирование антикоррупционной культуры молодежи» тақырыбында баяндама жасады.

Университеттің бірінші проректоры және аталмыш ұйымның төрағасы Жұмашев Рымбек Мұратұлы Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ Қоғамдық кеңесінің жұмысы туралы баяндайды және акцияның қорытындысын шығарды.

«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» акциясы университет студенттері мен қызметкерлеріне және Қарағанды аумағы тұрғындарына сыбайлас жемқорлық тәжірибесін насихаттауға, Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын түсіндіруге бағытталған.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий