2016 жылдың 21 қыркүйегі. Балалар және жастар арасында ғылыми-техникалық шығармашылықты дамыту мақсатында Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті робототехника мектеп кабинет

22 сентября 2016 - Администратор

 2016 жылдың 21 қыркүйегі. Балалар және жастар арасында ғылыми-техникалық шығармашылықты дамыту мақсатында Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті робототехника мектеп кабинеттерін жабдықтау үшін робот құрылысының 30 жиынтығын (20 негізгі және 10 қосымша) сатып алды, Қарағанды қаласының №16, №66 мектептеріне беріледі. 

Толығырақ: 
Университет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің орта және жалпы білім беретін мектептерде «Робототехника» үйірмелері мен курстарын енгізу жөніндегі жұмыстарына белсенді түрде қолдау танытады. 
ҚарМУ Қазақстандағы алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Университетте ғылымның өзекті салаларында іргелі және қолданбалы сипаттағы зерттеулерді өткізуге мүмкіндік беретін жоғары ресурсты ғылыми-зерттеушілік бөлімдер, ғылыми зертханалар құрылған. Университеттің оқу техникалық базасы үнемі толықтырылып және жаңартылып отырады. Мәселен, математика және ақпараттық технологиялар факультетінде заманауи робототехника зертханасы жұмыс істейді, ол жерде студенттер ғылыми және өндірістік қызмет дағдыларын жүзеге асырып, тәжірибе барысында бекітеді, шынайы жоба-зерттеушілік жұмыстармен айналысады. 
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Қарағанды оқушыларының жастайынан техникалық ғылымдарға өз қабілеттіліктерін танытып, оны әрі қарай дамытуына тікелей қызығушылық танытуда. Жалпы білім беретін мектептерге робототехника бойынша ғылыми-техникалық үйірмелер мен курстарды енгізу оқушы жастардың техникалық шығармашылыққа деген қызығушылығының артуына және оның дәрежесінің көтерілуіне ықпал етеді. Сонымен қатар, мазмұнның бірізділік принципі және оның түрлі деңгейіндегі оқыту түрлері, білім беру ортасының біртұтастығы жүзеге асырылады. Осыған байланысты қазір мектептегі оқыту үрдісін заманауи құрал-жабдықтармен, білім беру конструкторларымен қамтамасыз ету, техникалық пәндер педагогтарының біліктілік деңгейін жетілдіру аса маңызды. Сондықтан университет өз қаражаты есебінен Қарағанды қаласы мектептеріне робототехника кабинеттерін жабдықтау үшін робот құрылысы жиынтығын сатып бергеніне қуанышты. 
Университет ұжымы осы кабинеттерде өтетін сабақтар оқушылардың таланттарының ашылып және одан әрі дамуына, техникалық қабілеттерінің ұшталуына, олардың политехникалық білім мен дағдыларын қалыптастыруға, ғылым мен техникаға деген қызығушылықтарының артуына ықпал етеді деп сенеді.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий