Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде академик Евней Арыстанұлы Бөкетовтің 90 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өтті.

27 марта 2015 - Администратор

 2015 жылдың 27-28 наурызында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде академик Евней Арыстанұлы Бөкетовтің 90 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өтті.

Бүгінгі таңда жоғары академиялық және ғылыми стандарттарымен, өзіндік дәстүрлерімен классикалық университет ретінде ерекшеленетін Қарағанды мемлекеттік университетінің негізін оның алғашқы ректоры Евней Арыстанұлы Бөкетов салды. Ғылым мен білім берудің маңызын арттырып, дамыту жолында оның озық идеяларын жүзеге асырып, жоғары ұмтылыстарымен шабыттану арқылы ҚарМУ бүгінде Қазақстан Республикасындағы алдыңғы қатарлы университеттердің біріне айналды және Орталық Қазақстан аумағындағы жалғыз көп салалы жоғары оқу орны.
Тұңғыш ректоры, ғұлама ғалым, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы және публицист, дарынды аудармашы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, техника ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі Евней Арыстанұлы Бөкетовтің атын иеленген Қарағанды мемлекеттік университеті 1985 жылдан бастап әр бес жыл сайын абзал жанның туған күнін атап өтуді дәстүрге айналдырған. Осы жылы Евней Арыстанұлы 90 жасқа толар еді. Бұл дата – ерекше.
Республика жұртшылығы Е.А. Бөкетовтің мерейтойын кең көлемде атап өтуде: облыстық, республикалық газеттерде ұлы тұлға жайлы естеліктер, мақалалар жариялануда, халықаралық және аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізілуде, замандастарының, шәкірттері мен жазушылардың қатысуымен телевизиялық бағдарламалар және өзге де іс-шаралар ұйымдастырылуда.
2015 жылдың 27-28 наурызында Қарағанды мемлекеттік университетінде академик Е.А. Бөкетовтің 90 жылдығын атап өту шеңберінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, республиканың ғылыми, білім беру және мәдени қоғамдастығы өкілдерінің, Қарағанды облысы және Қарағанды қаласы басшылығының қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараның жоспары (27 наурыз)
09:00-18:00 Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың білім беру және ғылыми жетістіктер көрмесі.
10:00-10:15 «Академик Е.А. Букетов. Штрихи к портрету» деректі фильмінің демонстрациясы
10:15-10:30 «Е.А. Бөкетов әлемі» кітабының тұсаукесері.
10:30-11:30 «Академик Е.А. Бөкетовтің ғылыми және шығармашылық мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысының ашылуы
11:30-12:00 Кофе-брейк.
12:00-13:00 Пленарлық мәжіліс жұмысының жалғасы
13:00-14:00 Түскі ас
14:00-17:00 Секциялық мәжіліс (№1, 3, 5кеңейтілген дәрісханалар).
17:00-17:30 «Ақыл-ойдың ағасы» атты театрланған студенттік қойылым.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий